Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы Мұратсай және Ұялы ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын 2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Мұратсай және Ұялы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалсын.
2.2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Мұратсай және Ұялы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспарлары бекітілсін.
3.Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
4.Осы қаулының көшірмесі Бөкей ордасы ауданының әкіміне жолдансын.
5.Осы қаулы аудандық «Орда жұлдызы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
6.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы төрағасы Б.Жумабекулы