Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 36-2 бабына сәйкес, 2023 жылдың 26 қыркүйек күні Бөкей ордасы ауданының әкімі лауазымына үміткер болып, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Аккалиев Мейрамбек Сагынгалиевич аумақтық сайлау комисиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы тұрғыны, жоғары білімді, 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде уақытша жұмыссыз.