Бөкей ордасы аудандық мәслихатының
депутаттарын сайлау бойынша аумақтық
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі №27/54 «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі туралы» қаулысының негізінде Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Бөкей ордасы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша шешімдегі қосымшаға сәйкес шекараларда 10 (он ) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
2.Осы қаулы Бөкей ордасы аудандық мәслихатына жіберілсін.
3.Осы қаулы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Орда жұлдызы» қоғамдық – саяси газетінде жариялансын.
4.Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №12 шешімінің күші жойылсын.
5.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы төрағасы Б.Жумабекулы
Бөкей ордасы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №7 қаулысына қосымша
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Бөкей ордасы аудандық
мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің
тізбесі мен шекараларын айқындау туралы
(Орталығы – Сайқын ауылы Т.Масин көшесі, 1А)
Сайқын ауылындағы Қазақстан, Т.Масин, Жамбыл, М.Мәметова, М.Насимуллин, Жангелдин, Азербаев, Орда, Б.Жанекешов, Тайманов, Бейбiтшiлiк, Машдвор, Ш.Жексенбаев көшелерінің және Мәмбет ауылының шекараларында.
Сайлау учаскелері кіреді: №53,55 сайлау учаскелері.
(Орталығы – Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 27)
Сайқын ауылындағы М.Бегалиева, С.Сейфуллин, А.Оразбаева, А.Молдағұлова, Шағыров, Х.Чурин, Абай, Х.Доспанова, Алаш Орда, Тәуелсіздік, Астана көшелерінің және Шоңай ауылының шекараларында.
Сайлау учаскелері кіреді: №75,54 сайлау учаскелері.
(Орталығы – Сайқын ауылы, Азербаева көшесі, 10/1)
Сайқын ауылындағы Бөкейханов, Егiзбаев, М.Өтемiсов, Берғалиев, Т.Жароков, А.Құсайынов, Қ.Сағырбаева, М.Абдолов көшелерiнің шекараларында.
Сайлау учаскелері кіреді: №76 сайлау учаскесі.
(Орталығы – Мұратсай ауылы, Абай көшесі, 14)
Жәрмеңке, Мұратсай, Әжен, Тайғара ауылдарының шекараларында.
Сайлау учаскелері кіреді: №56,57,58,59 сайлау учаскелері.
(Орталығы – Бисен ауылы, 1У көшесі, 1)
Бисен, Жетібай ауылдарының шекарасында.
Сайлау учаскелері кіреді: №65,67 сайлау учаскелері.
(Орталығы – Бөрлі ауылы, Губашев көшесі, 7)
Көктерек, Бөрлі, Тереңқұдық ауылдарының шекараларында.
Сайлау учаскелері кіреді: №68, 69,70 сайлау учаскелері.
(орталығы – Саралжын ауылы, Мәметова көшесі, 19)
Саралжын ауылдық округі шекарасында.
Сайлау учаскелері кіреді: №71 сайлау учаскесі.
(Орталығы – Ұялы ауылы, Аубакиров көшесі, 7)
Ұялы және Кеңой ауылдарының шекараларында.
Сайлау учаскелері кіреді: 73,74 сайлау учаскелері.
(Орталығы – Хан Ордасы, Ғ.Зарипова, 17)
Хан Ордасы ауылының шекарасында.
Сайлау учаскелері кіреді :№60 сайлау учаскесі.
(Орталығы – Қарасу ауылы, 1У көшесі, 15)
Қарасу, Үштерек, Сейітқали, Жиекқұм ауылдарының шекараларында.
Сайлау учаскелері кіреді:№61,62,63,66 сайлау учаскелері.