Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабына, 26-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98, №60/99 қаулыларына сәйкес Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
- Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Округтік және учаскелік сайлау комиссиларының жұмыс кестесі 09:00-ден 18:30-ға дейін үзіліссіз және демалыссыз болып бекітілсін.
- Осы қаулы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау төраға орынбасары Н.Болатқалиевке жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы төрағасы Б.Жумабекулы