БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ САЙҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2026 жылдың 27 қыркүйегінде Бөкей ордасы ауданының Сайқын сайлау округі бойынша Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3068 азамат енгізілді, оның – 1876 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 51, «Барлығына қарсы» - 15.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алтаяков С.Н. - 1468 (81,10%)

Асетов Р.М. - 126 (7%)

Такесов Д.К. - 216 (11,90%)

Сайқын ауылдық округінің әкімі болып Алтаяқов Сайран Нұрлыбайұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Бөкей ордасы колледжі» МКҚК-ны директорының оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, Сайқын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Хабарлама
Дата публикации
27 сентября 2026