2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Сайқын ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

1.2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні сағат 16.00-де аудандық мәдени-демалыс орталығы ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.

2.Осы шешім Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.

3.Осы шешім Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.

4.Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.М.Болаткалиевке жүктелсін.

5.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Бөкей ордасы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы төрағасы                                  Б.Жумабекулы

 

Шешім
Дата публикации
14 сентября 2026