Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауын 2026 жылдың 27 қыркүйегіне тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 27 қыркүйегіне тағайындалсын.

2.2026 жылдың 27 қыркүйегіне тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.

4.Осы қаулының көшірмесі Бөкей ордасы ауданының әкіміне жолдансын.

    5.Осы қаулы аудандық «Орда жұлдызы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.

    6.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

       Бөкей ордасы ауданының аумақтық

       сайлау комиссиясы төрағасы                                  Б.Жумабекулы

 

ҚАУЛЫ
Дата публикации
19 августа 2026