БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ БИСЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ БИСЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2026 жылдың 17 мамырында Бөкей ордасы ауданының Бисен сайлау округі бойынша Бисен ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1501 азамат енгізілді, оның – 605 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 17, «Барлығына қарсы» - 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жұмағалиев Е.Р. - 57 (9,84%)

Меңдешев А.Е. - 485 (83,77%)

Утеғалиев Б.Е. - 37 (6,39%)

Бисен ауылдық округінің әкімі болып Меңдешев Армат Ермекұлы сайланды, 1991 жылы туған, «Бәйтерек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры, Орал қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.

 

Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
17 мая 2026