БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 26 сәуірі күні Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Жұмағалиев Ерлан Рашиденұлы, 1991 жылы туған, «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы, Сайқын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Меңдешев Армат Ермекұлы, 1991 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бәйтерек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры, Орал қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
- Утеғалиев Бекзат Ержанұлы, 1992 жылы туған, «Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Саралжын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы