Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
k.nurshinov@bko.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Нұршинов Кенесары Бекболатұлы
Бөкей ордасы ауданы әкімінің әлеуметтік сала және қоғамдық-саяси даму жөніндегі орынбасары
Общая информация, образование

1984 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі - жоғары, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін 2011 жылы «экология» мамандығы бойынша, 2014 жылы - «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Карьера

Еңбек жолын 2005 жылы Орал қаласында «Болашақ - жастардікі» облыстық жастар қоғамдық қоры директорының әлеуметтік жобалар жөніндегі орынбасары болып бастаған.

Әр түрлі жылдары:

- «Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіндегі «Сенім» жобасының басшысы,

- «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы» жекеменшік мекемесі Батыс Қазақстан облысы филиалының басшысы,

- «ХимТраст» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автокөліктерге жанармай құю станциясы маманы,

- «Орал Терминал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автокөліктерге жанармай құю станциясы маманы,

- «Уникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері,

- «Амагел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орал филиалының директоры,

- Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы,

- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Круглоозерный кентінің әкімі,

- «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, орынбасары,

- «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдың 17 қазанынан - Бөкей ордасы ауданы әкімінің әлеуметтік сала және қоғамдық-саяси даму жөніндегі орынбасары .

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы