
👥 Кеңеске аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, Орал қаласындағы мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар мен қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты . 🗣 Кеңесті БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин ашып, білім беру сапасын арттыру, қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
🔍 Кеңесте білім саласына қатысты бірқатар маңызды тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда:
✅С.М. Бахишева, педагогика ғылымдарының докторы – мектептің әлеуетін арттыру және әлемдік білім беру кеңістігіне интеграция;
✅Л.Қ. Булебаева, «MANAоCO» агенттігінің теңқұрушысы – білім сапасын бағалау және аккредитация мәселелері;
✅З. Мураталиұлы, STEM academia директоры – жасанды интеллект, қауіпсіздік сенсорлары және STEM технологияларын енгізу;
✅Р.С. Рүстемов, ҚР Бас прокуратурасы комитетінің БҚО департаменті – кадрларды тексеру тәртібі;
✅А.Н. Рашитов, БҚО цифрлық технологиялар басқармасы – мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық қауіпсіздік;
✅Р.А. Курмашева, облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы – психологиялық қауіпсіз орта құру жолдары;
✅А.Г. Жұмағалиева, №37 мектеп директоры – «Шахмат негіздері» курсын мектеп тәжірибесіне енгізу.
📎 Кеңес – білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң болды.