Жеке мектеп басшыларымен маңызды кездесу

Жеке мектеп басшыларымен маңызды кездесу

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қаладағы жеке меншік мектептердің директорлары және олардың құрылтайшыларымен кездесу өткізді.

🗂 Кездесу барысында ҚР БҒМ №117 бұйрығы, «Адал азамат» бағдарламасы бойынша ақпарат беріліп, білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

🤝 Алдағы уақытта мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарының өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеу мәселелері де қаралды.

🌟 Жылы әрі мазмұнды форматта өткен бұл жүздесу тараптар арасында өзара түсіністік пен сенімді серіктестікке жол ашты.