📚 Білім беру жүйесіндегі өзара ынтымақтастық – табысты тұлға қалыптастырудың негізі

📚 Білім беру жүйесіндегі өзара ынтымақтастық – табысты тұлға қалыптастырудың негізі

 

Бүгін Оқушылар сарайында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Темирханованың қатысуымен «Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру мен қосымша білім берудің өзара ынтымақтастығы – табысты тұлға қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

👥 Семинарға өңірдегі колледж басшылары қатысты. Шара барысында білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жастарды тәрбиелеуде бірлескен жобалар мен келісімшарттар жасау мәселелері талқыланды.

🎯 Семинар мазмұнды әрі көрнекі форматта өтіп, колледждер үшін тиімді тәжірибе алмасу алаңына айналды.