
🗓 Бүгін "AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы Переметное ауылында өтті.
👥 Жиынға "AMANAT" партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, кеңестің төрағасы Азима Губашева, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин және шекаралас Бөкейордасы, Жәнібек, Казталов, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
📊 Кеңес барысында Елдос Сафуллин "Облыстың шекаралас аудандарындағы мектептер мен шағын жинақталған мектептердің жағдайы туралы" баяндама жасап, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды.
Аудандық білім беру бөлімі басшылары оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және оқушылардың сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу туралы баяндады.
🤝 Бұл кездесу шекаралық өңірлердегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бастамасы болды.