🏞 «Көктемгі бағдарлау – 2025» облыстық ашық жарысы өтуде

🏞 «Көктемгі бағдарлау – 2025» облыстық ашық жарысы өтуде

2025 жылдың 15–17 сәуірі аралығында спорттық бағдарлаудан «Көктемгі бағдарлау – 2025» облыстық ашық жарысы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде.

⚡ Бұл жарыс:
🔹 спорттық бағдарлауды насихаттау,
🔹 салауатты өмір салтын қалыптастыру,
🔹 жаттықтырушылар мен спортшылардың біліктілігін арттыру,
🔹 облыстық құрамаға үздіктерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

📍 Жарысқа аудандық, қалалық білім беру ұйымдары мен туризм орталықтарының командалары қатысып, табиғат аясында өз шеберліктерін сынауда.

🌱 Бұл дода – тек спорттық сайыс қана емес, сонымен қатар шыдамдылықты, ой ұшқырлығын және командамен жұмыс жасау қабілетін шыңдайтын маңызды алаң.

📣 Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!