Психологиялық қолдау және алдын алу шаралары бойынша семинар өтті

Психологиялық қолдау және алдын алу шаралары бойынша семинар өтті

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Балалардың игілігі департаментінің директоры Динара Хамитқызы Уалкенова және облысымыздағы педагогикалық психологиялық орталығының басшысы Куанышалиева Назгуль Мурзаевна қаламыздағы №46 жалпы білім беретін мектепте білім беру ұйымдарының психологтерімен кездесті.

📌 Кездесу барысында қаралған мәселелер:
- Жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқатын жақсарту бағдарламаларын жүзеге асыру жолдары;
- Психологиялық қызмет көрсету мамандарының жұмыс алгоритмі;
- Келеңсіз жағдайлардың алдын алу шаралары.

Бұл шара білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау көрсету жүйесін нығайтуға және оқушылардың психологиялық жай-күйін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.