
Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты КММ, тарих, құқық және экономика пәндерінің мұғалімі Наурызгалиева Куляш Ахрановна Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы 3 наурыздағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталды.
✅ Бұл марапатқа ие болған педагогті ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ. Бисембаевтың тапсырмасы бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қабылдап, ұжыммен кездесу өтті.
✅ Кездесу барысында К.Наурызгалиеваның еңбек жолымен таныстырылды. Кездесу ашық сұхбат, еркін сырласу атмосферасында болды.
✅ Марапатты облыс әкімі Н.Төреғалиев табыстады.
✅ Куляш Ахрановна - білім саласының алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерін жүзеге асыруға өзінің үлесін қосып жүрген жаңашыл педагог.
⚡Республикалық «Үздік педагог-2023», «Үздік педагог-2024» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, І орын иегері.
⚡2024 жылғы Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңі бойынша ІІ орын иегері.
⚡«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Мақсатты мектеп» жобасы аясында негізгі деңгей бойынша біліктілікті арттыру курсының тренері.
⚡К.Наурызгалиеваның кәсіби шеберлігінің айғағы - оқушыларының жетістіктері. Шәкірттері бірнеше облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.
💐Марапат құтты болсын!