Білім басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды.

Білім басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды.
Бүгін БҚО Білім басқармасы басшысы Елдос Сафуллиннің бұйрығымен Білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Ақжарқын Темірханова тағайындалды.
✅ Ақжарқын Мүтиғоллақызы Темірханова 1970 жылы Қазталов ауданында дүниеге келген.
🏫 1993 жылы А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институтын «Математика, информатика және есептеуіш техникасы пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
✅ 1993-2000 жылдары А.Иманов атындағы №12 КТЛ – математика пәні мұғалімі, 2000-2003 жылдары №44 орта жалпы білім беретін мектебінің директор орынбасары, 2003-2020 жылдары №44 орта жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарған.
2020 жылдан бері Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы болды.