Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына» қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына» қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының №5-қосымшасына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 01.03.2023 №56 бұйрығы редакциясымен) Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • өтінім (еркін түрде);
  • үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

            5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

           Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

            Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

            1) білім беру ұйымының әкімшілік аумағында орналасқан қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері-1 адам;

 2) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері - кемінде 3 адам. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қамқоршылық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады;

  3) жергілікті өкілдік органдарының өкілдері – 1 адам;

  4) мемлекеттік органдардың өкілдері – 1 адам;

  5) құқық қорғау органдарының өкілдері – 1 адам;

  6) бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл (бар болса) – 1 адам;

  7) республикалық немесе жергілікті қоғамдық кеңестің өкілі-1 адам;

  8) Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы (бар болса) – 1 адам;

  9) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

 10) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1-2 адам;

 11) тәрбиеленушілердің өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1 адам.

Құжаттар «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының қамқоршылық кеңесіне мүше болуға үміткер» белгісімен БҚО білім басқармасының uo.zko@bko.gov.kz электрондық поштасына 2025 жылдың 26 ақпанға дейін немесе «Батыс Қазақстан облысының білім басқамасы» ММ қабылданады (Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72, тел.: 26-04-66, 26-04-74 ).