Жұмысшы мамандықтар жылы ресми ашылды

Жұмысшы мамандықтар жылы ресми ашылды

Президент Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай Орал қаласындағы Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде облыс әкімі Н.Төреғалиев жылды ресми түрде ашты.
Ең әуелі облыс әкімі колледжде ұйымдастырылған барлық көрмелерді аралап көрді.
Содан соң кеңейтілген отырысқа қатысты. Шараға колледж директорлары, жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие мекеме басшылары, кәсіпорын басшылары қатысты.
Облыс әкімі өз сөзінде биылғы жылдың Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны, соған орай біздің облысымызда да атқарылуы тиіс және жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сапалы жұмысшы мамандарын даярлап, өндіріске қосуда колледждердің атқарар жұмыстары көп екенін атап өтті.
Шараға қатысқан мекеме, кәсіпорын, колледж басшылары да сөз алып, осы бағытта бірлесіп атқарылар жұмыстарды ортаға салды.