Колледж қабырғасында ата-аналармен жұмыс жалғасын табуда

Колледж қабырғасында ата-аналармен жұмыс жалғасын табуда

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі қабырғасында оқу орнының жұмыс жоспары мен білім басқармасының тапсырмасына сәйкес 1-2 курс студенттері ата-аналарының әкімшілікпен кездесу жұмысы жүйелі түрде жолға қойылған болатын. Ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың биылғы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталғандығы баршаға аян.
Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру биылғы алға қойылған жоспарлардың бірі екендігі жайында колледж директоры Серік Мухамбеталиев кеңінен айтып берді.
Шара соңында ата-аналар колледж әкімшілігіне осы оқу ордасында білім алып жүрген балаларына жақсы тәлім-тәрбие беріп жатқанына ризашылықтарын білдірді.
Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын табатын болады.