
Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, Орал қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің бірлесе ұйымдастыруымен 2025 жылдың 16 қаңтарында Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай ақын шығармашылығы бойынша ой бөлісу, педагогтерді поэзия әлеміне ынталандыру мақсатында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Зерделі жырдың зергері» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Шараның бірінші бөлімі ескерткішке гүл шоғын қою рәсімімен басталып, ақын өлеңдері оқылып, музеймен таныстырылды.
Әдеби кештің екінші бөлімін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, "Қадыр Мырза Әлі" қоғамдық қорының директоры, әнші-композитор – Д.І. Қажымов «Ақжайығым-ару мекенім» әнімен ашты. Кеш барысында ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын, ардагер ұстаз, Жұбантанушы, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы – Ү.Елеубайқызы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – З.Ж.Мүтиев, Өлкетанушы, «Егемен Қазақстан» газеті, «Орал өңірі» газетінің тілшісі – Қ. Құттымұратұлы, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры С.Ә.Тоқмамбетов, Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Қадыртану» бағдарламасының авторы – А.О.Байжиенова, сонымен қатар облысымыздағы ақын атындағы мектептердің басшылары мен педагогтері қатысып, естеліктер мен әсерлі оқиғалар айтып, ақын шығармаларындағы ұлттық болмыс пен заманауи көзқарастың үйлесімділігі, мектептерде өтіп жатқан түрлі шаралар туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар Орал қалалық мектептерінің жас мамандары мен ақын атындағы мектептерден келген педагогтер «қонақ кәде» ретінде өлеңдерін оқып, «Атамекен» әнімен қорытындыланды.