
2025 жылдың 6-8 қаңтар күндері Орал қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға қатысқан оқушы саны - 607, жаратылыстану-математика – 271, қоғамдық-гуманитарлық – 336 оқушы. Түрлі себептермен 21 оқушы (жаратылыстану-математика бағытынан 9, қоғамдық-гуманитарлық - 12) қатыспады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың үшінші кезеңі бойынша І орын - 38, ІІ орын - 66, ІІІ орын - 108, Алғыс хат - 101.
Жаратылыстану-математика бағыты 6 пән (математика, физика, химия, биология, информатика, география) бойынша өткізіліп, нәтижесінде І орын - 17, ІІ орын - 30, ІІІ орын - 45, Алғыс хат - 46.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты 7 пән (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныбындағы орыс тілі, орыс сыныбындағы қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері) бойынша өткізіліп, нәтижесінде І орын - 21, ІІ орын - 36, ІІІ орын - 63, Алғыс хат - 55.
Олимпиада қорытындысы: https://drive.google.com/drive/folders/1ee9X5zIzisIlFtCN121IprjX7NIynSJ7?usp=sharing
Толығырақ: https://daryn-zko.bkogov.kz/kz/c-news/92832
Командалық рейтинг бойынша:
І орын - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” мектеп-лицей-интернатының командасы;
ІІ орын - Орал қаласының командасы;
ІІI орын - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдергерлері, жеңістеріңіз құтты болсын! Талаптарыңызға нұр жаусын! Сіздерді әзірлеген ұстаздарыңызға, қолдау көрсетіп отырған ата-аналарыңызға алғысымыз шексіз.