2025 жылдың 7 қаңтар күні Орал қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІ туры өтуде.
Олимпиаданың үшінші кезеңінің әрбір қатысушысы жеке жұмыс орнымен, жауап парақтарының бланкілерімен, оның оқу тіліндегі тапсырмалар мәтінімен қамтамасыз етіліп, дәстүрлі форматта тапсырмаларды орындауда.
Олимпиаданың ІІ турында физика, химия пәндері бойынша эксперименттік турлар және ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен ауызша тапсырмаларды орындайды.
Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданың өту процесі Youtube трансляция арқылы көрсетілуде.



Барлық қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!
113:36