
6 қаңтар күні қаламыздағы №51 мектепте «Өсу векторы» «Табысты көшбасшы: менеджер - стратег» жалпы білім беретін мектеп директорларына арналған семинардың екінші жұмыс күні өтті.
Оған 300 ге жуық аудандық, қалалық білім беру бөлімінің және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Семинар мақсаты: білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзыреттілігін жетілдіру,ұжымдық жұмысты дамыту мен білім сапасын арттыруда әріптестер арасында тәжірибе алмасу. Сондай ақ, облысымызға арнайы ат басын тіреген Сұңқар Ислам Еркінұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (Қазақстан Халық партиясы) және Батыс Қазақстан облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі полковник Мақсат Жақияұлы Мұқанов семинар жұмысына қонақ ретінде қатысып, мектеп директорларымен кездесті. Емен-жарқын пікір алмасылды, ойлар ортаға салынды. Депутат елімізде білім саласында жасалып жатқан жұмыстардың мән-маңызына тоқталып, біздің облысымыздың білім саласында да оң өзгерістер мен жақсы нәтижелер бар екеніне куәміз –деді.
Екінші күн жұмысын жалғастырған семинардың мақсаты: білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзыреттілігін жетілдіру,ұжымдық жұмысты дамыту мен білім сапасын арттыруда әріптестер арасында тәжірибе алмасу. Модератор білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин жиналғандарға «Табысты көшбасшы: менеджер - стратег» тақырыбы аясында сөз алып, қатысушылардың алдағы атқарар қызметтеріне сәттілік тіледі.
«Білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа қабылдау», «Мектеп формасының сақталуы», «Ұлттық деректер базасымен жұмыс» , «Ағымдағы құрылыс жұмыстары туралы» , «Оқушылардың олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысуы», «Әлеуметтік әмиян», «Өмірдің қиын жағдайындағы балалар мен олардың отбасын әлеуметтендіру», «Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыздандыру», «Мектептерде ыстық тамақты тиімді ұйымдастыру», «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыптары талқыланды.Қатысқан спикерлер өзара тәжірибе алмасып,пікір алысып жұмыс сапасын жақсартуға қажетті жоспарларын жүзеге асыруды күн тәртібіне қойды.
Шара соңында барлық семинарға қатысушылар «Ұстаз» фильмін тамашалады.