
Бүгін қаламыздағы эстетикалық бағыттағы гимназияда «Өсу векторы» «Табысты көшбасшы: менеджер-стратег» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп директорларына арналған семинар өтті.
Оған 300-ге жуық аудандық, қалалық білім беру бөлімінің және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинар мақсаты: білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзыреттілігін жетілдіру, ұжымдық жұмысты дамыту мен білім сапасын арттыруда әріптестер арасында тәжірибе алмасу .
Семинарда модератор міндетін атқарған БҚО білім басқармасының басшысы Сафуллин Елдос Набиоллаұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл шараның өткен жылдың соңында сәтті өткізілгеніне тоқталды.
"Алдағы екі тоқсан білім майданына қажет болар «қару» іспеттес маңызды бұл шараны жыл басында ұйымдастырудағы мақсатымыз - дер кезінде қолға алу. Мұнда мектеп басшылары өзара тәжірибе алмасып, ортақ атқарар істерге нақты жоспар құрамыз", - деді.
Шара барысында өзге де спикерлер сөз алып, білім беру сапасын арттыру барысындағы тың ойларын ортаға салды.
#бқобілімбасқармасыбаспасөзқызметі