
2024 жылдың 25 желтоқсан күні Халықаралық психологтер күніне орай БҚО ББ басшысының орынбасары Б.Ж.Насимуллиннің қатысуымен мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, жұмысқа деген құлшынысын арттыру және мотивацияны көтеруге бағытталған заманауи әдістерді меңгеру арқылы педагогтің еңбек тиімділігін дамыту мақсатында БҚО Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, әдіскер-координаторлары үшін БҚО ӘПҚО ұйымдастыруымен Орал қаласы №50 ЖОББ мектебінде «Мотивация және кәсіби өсу: Жұмысқа құлшынысты арттыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингте “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға оқытушысы Ш.У.Арыстанова «Іскерлік қарым-қатынас пен кәсіби қарым-қатынас психологиясы», АBYROI school филиалының директоры А.М.Дуйсмагамбетова «Қызметкердің ұжымдағы тұлғалық рөлі», М.Өтемісов атындағы БҚУ «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, аспирант А.С.Женисова «Мотивация - кәсіби қызметтің тиімділігін арттырудың басты факторы: табыс психологиясы және кәсіби қиындықтарды жеңу жолдары» және Д.Қонаев атындағы №44 МГ педагог-психологі А.Е.Баян «Психологиялық сағат» тақырыптарында тренингтер ұйымдастырды. Семинар-тренинг қорытындысында облыс көлемінде үздік нәтижелері үшін 18 педагог-психологтерге ОӘПҚО басшысының м.а. Н.М.Куанышалиева марапаттаулар табыстады. Семинар-тренингтің екінші бөлімінде қалалық ЖОББ мектеп психологтері А.Е.Баян, А.К.Альпамишева, К.Г.Сакауова, А.Ж.Хабиева, Л.С.Бисенгалиева, Н.Н.Ғабдрахимова «Тұлғаның мотивациялық шеңбері» тақырыбында топтық жұмыстар ұйымдастырды.