Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бос лауазымдарға ашық конкурс жариялайды

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бос лауазымдарға  ашық  конкурс  жариялайды

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бос лауазымдарға  ашық  конкурс  жариялайды:

 

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы (директор)

 

БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, М.Әуезов көшесі, 33 А үй мекенжайы бойынша орналасқан БҚО әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімінің «Мерген ЖОББМ»  КММ директоры. Тел. 87113651132, mergen¬_sosh@mail.ru

БҚО әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің «Восход негізгі орта мектебі» КММ-сі директоры- 1 бірлік, Ақсоғым ауылы, Ақсоғым ауылдық округі. Казахстанская көшесі (шағын жинақты мектеп)8711 43 95502

Негізгі қызметтерінің қысқаша сипаттамалары: Білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау; "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында  көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету; жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу; белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу.

Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 189 216 теңгеден 230 096 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері:       

      білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;

      педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;

      педагогикалық кеңесті басқарады;

      Мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын, психологиялық қызметтің жұмыс жоспарын және құрамын бекітеді;

      білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;

      оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;

      заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;

      қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;

      педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;

      білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;

      оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

       психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;

       педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

       компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

      жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;

       педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

      өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;

      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;

      мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

      өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

      білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

      Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

       педагогика және психология негіздері;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;

       республикалық әскери мектеп-интернаттың, облыстық Кадет мектеп-интернатының бастығы (директоры) Қосымша білуге тиіс:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

      немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

      осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      2) шағын жинақты мектептердің басшысы (директоры) үшін:

       жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

 

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы (директоры)

 

БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, көшесі Исатай Тайманов, 100 үй  мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Мектептен тыс жұмыс орталығы"  МКҚК директоры. Тел: 8(71137) 34159, cvrsd98@mail.ru

Негізгі қызметтерінің қысқаша сипаттамалары:  Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;  адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;  азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халықтың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.

Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 211 408 теңгеден 256 960 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері: білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;

      мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;

      қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;

      білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

      білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;

      балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

      білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;

       басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;

      педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;

      оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;

      есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

      барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

       Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;

      педагогика мен психология;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

       тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

      немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы

 

БҚО, Казталов ауданы, Қошанкөл  ауылы,  С.Асанғалиев көшесі, №1/2 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Батыс Қазақстан Облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Қарлығаш бөбекжайы» МКҚК меңгерушісі, тел 87114433864, k.detsad@mail.ru

 

 

 

 

 

 

Негізгі қызметтерінің қысқаша сипаттамалары: Тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау; тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау; сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету; тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау; ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 189 216 теңгеден 230 096 теңгеге дейін.

         Лауазымдық міндеттері:  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;

      педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

      педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;

       Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 29031 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

       ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

      ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;

      тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

      әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;

      тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;

      педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

      педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

       "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);

       "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);

      компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;

      экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек заңнамасының негіздері;

      ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

      немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен педагогтерін

лауазымдарға тағайындау,

лауазымдардан босату

қағидаларына

1-қосымша

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы   Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігі және (немесе) облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері    Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету үшін нәтиже беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі       Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде-20 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға - 1 (бір) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес Мемлекеттік корпорацияға - 7 (жеті) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

4) портал арқылы жүгінген кезде – бір жұмыс күні.

1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсеге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут;

2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны      Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі     Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қағаз түрінде - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлама не дәлелді бас тарту келеді

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері         тегін

Жұмыс кестесі     1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектісі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

  3) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің Интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында;

2) порталда www.egov.kz

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетін қызметі алушыны көрсетін қызметі берушісінің Кеңесіне емес Мемлекеттік корпорацияға порталға мынандай құжатты бересі емес:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген);

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме;

  12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

  Электрондық үкімет egov.kz веб-порталы арқылы:

  1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) кадрлар есепке алу бойынша жеке іс парағы мен фото 3х4;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

  6) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);

7) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық Жоспары;

8) түйіндеме;

  9) Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, марапаттар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған кезде) қосымша ұсынады.

Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6), 7), 8) және 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы тармақтың талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен куәландырады.

Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

  3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар    Дене функциялары тұрақты бұзылған, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы болған жағдайда порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар:

1414, 8 800 080 77777.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің Интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

2) Мемлекеттік корпорацияның Интернет-ресурсында: www.gov4c.kz

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің Интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің Интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz

Сандық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен педагогтерін

лауазымдарға тағайындау,

лауазымдардан босату

қағидаларына

5-қосымша

         Нысан

         ___________________________

конкурс жариялаған мемлекеттік

орган

      ________________________________________________________________

      Үміткердің Т. А. Ә, (бар болса), ЖСН

      ________________________________________________________________

      (қызметі, жұмыс орны)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

 Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға, сертификаттауға орналасуға конкурсқа жіберуіңізді сұраймын

      қажеттісін атап өту керек)

       ________________________________________________________________

      білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін ____________________________________

      лауазымы, Ұйымның атауы, мекен-жайы

      (облыс, аудан, қала \ ауыл)

      Сертификаттаудан өту тілі: қазақ / орыс

      керегінің астын сызу

      Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы     Оқу кезеңі  Диплом бойынша мамандығы

 

        

        

 

      Біліктілік санатының болуы (ол болған кезде берілген (расталған) күн)

      __________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы       Педагогикалық   Мемлекеттік қызмет өтілі      Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) Осы білім беру ұйымында оның ішінде атқаратын лауазымында

 

        

        

        

        

 

      Менде келесі жұмыс нәтижелері бар: ____

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) _____________________________

      Дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) менің дербес деректерімді өңдеуге келісім беремін.

      Мен сертификаттаудан өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың біреуін пайдалануға тырысқаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасала отырып, алып тастау туралы хабардар етемін.

      Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге сертификаттаудан өту құқығынан айырылатыныма хабарланды.

      Сертификаттау кезінде ережелерді бұзу фактілері анықталған кезде, сондай-ақ өту мерзіміне қарамастан, бейнежазбаны қарау кезінде табылған акт жасалып, нәтижелердің күші жойылатыны хабарланды.

      Тыйым салынған заттар:

      ұялы байланыс құралдары (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, iPad (Ipad), iPod (iPod), iPhone (iPhone), SmartPhone (Смартфон), смарт сағат);

      Ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер (мобильді маршрутизаторлар);

      радиоэлектрондық байланыстың кез-келген түрі (Wi-Fi (Wi-Fi), Bluetooth (Bluetooth), Dect (DECT), 3G (3 G), 4G( 4 G), 5G (5 G);

      құлаққаптар сымды және сымсыз және т б;

      шпаргалкалар және оқу-әдістемелік әдебиеттер;

      калькуляторлар және түзету сұйықтықтары.

      Мен келісемін ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

      Сертификаттау және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым

      "____" ______________20___жыл ____________________ /қолы/

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен педагогтерін

лауазымдарға тағайындау,

лауазымдардан босату

қағидаларына

9-қосымша

 Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына үміткермен әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар

  1. Білім беру саласындағы уәкілетті органның негізгі нормативтік құқықтық құжаттары, Қазақстан Республикасының Білім беру саласын реттейтін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық құжаттары.
  2. Білім берудегі менеджменттің заманауи тәсілдері.
  3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары.
  4. Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар.
  5. Табысты білім беру ұйымының критерийлері, табысты басшы, табысты білім алушы/тәрбиеленуші, табысты педагог.
  6. Қазақстанның білім беруіндегі халықаралық зерттеулердің рөлі.
  7. Білім беру ұйымдарында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жүйесі.
  8. Деңгейлер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ерекшеліктері.
  9. Әкімшіліктің қамқоршылық кеңеспен өзара іс-қимыл жүйесі.
  10. Кадрларды даярлаудағы әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың рөлі.
  11. Білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету міндеттері.
  12. Білім беру ұйымының қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі мен нәтижелері.
  13. Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың жаңа тәсілдері.

 

         Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен педагогтерін

лауазымға тағайындау,

лауазымнан босату

Қағидаларына

17-қосымша

         Нысан

 Көрсетілетін қызметті алушының шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі

      Мен, _______________________________ сәйкес мемлекеттік қызмет

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

       көрсету үшін қажетті мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес қол жеткізу шектелген дербес деректерге қол жеткізуге келісімімді беремін. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, оған мыналар кіреді:

      1) жеке деректерді үшінші тұлғаға беру;

      2) дербес деректерді өңдеу барысында трансшекаралық беру;

      3) жеке деректерді жалпыға қолжетімді көздерге тарату.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін қажетті басқа да ақпаратты қамтитын қолжетімділігі шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісемін.

      Бұл келісім мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғанға дейінгі бүкіл кезең ішінде жарамды.

      _______________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

 

Соттылығы болған немесе бар, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстар және/немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы, білім басқармасы органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде саласы сәйкес келетін уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы қосымша сұрау салу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментіне жолданады.

       Сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы мәліметтер анықталған және (немесе) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын педагогикалық әдеп нормаларын бұзған кезде кандидат кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттары бойынша біліктілігін бағалау үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссиясының отырысы арқылы жүзеге асырылады.

         Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

          Өткізілетін орны: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәжіліс залы.

Қажетті  құжаттар  осы хабарландыру  білім басқармасының сайтында жарияланған сәттен бастап, жеті жұмыс күні ішінде  2024 жылдың                  27 желтоқсан – 2025 жылдың 9 қаңтар  аралығында мына  мекен-жайға  тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, Есқалиев  көшесі 72, 207-бөлме. Анықтама  телефоны: 26-05-04, эл.мекен-жай: n.kabdygalieva@bko.gov.kz

Конкурстың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін әңгімелесудің күні мен уақыты үміткерлерге қосымша хабарланады.

 

БҚО білім басқармасының конкурстық комиссиясы