|
Білім деңгейі |
2023 жыл (млн.теңге) |
2024 жыл (млн.теңге) |
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту |
25 082,4 |
31 546,5 |
|
Орта білім |
113 570,7 |
122 990,2 |
|
Техникалық және кәсіптік білім беру |
11 362,9 |
12 481,9 |
|
Басқа шығындар |
15 216,1 |
19 719,6 |
|
Барлығы |
165 232,1 |
186 738,1 |
Облыстың 2024 жылғы білім беру бюджеті 186,7 млдр теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,9 млдр теңгеге артық. Бюджеттің 4,7 млрд теңгесі немесе 2,6%-ы республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен және 182,0 млрд теңгесі немесе 97,5%-ы жергілікті бюджет есебінен бөлінді.
Бюджеттің 162,1 млрд теңгесі аудандық және қалалық білім беру бюджетін құрайды, оның 76,7%-ы еңбекақы төлеуге, 23,3%-ы білім берудің басқа да шығындарына жұмсалды.
Шығыстардың негізгі бөлігі оқушылар контингенті 116 мыңнан аса 365 күндізгі жалпы білім беретін мектептердің, дарынды балаларға арналған 5 мамандандырылған мектептің, арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша 3 мектептің, 3 кешкі мектептің қаржыландырылуына барлығы 123,0 млрд теңге немесе 65,8% жұмсалды.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыруға 31,5 млрд теңге бөлінді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша 23 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес колледжге барлығы 12,5 млрд теңге бөлінді.
Бұдан басқа, білім беру бюджеті 50 қосымша білім беру ұйымдарына: 4 психологиялық-дәрігерлік- педагогикалық кеңес беруге, 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне және Аутизм орталығына, Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесіне, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алуға, Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге, патронаттық тәрбиешілерге, жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды күтіп-ұстауға қамқоршыларға ай сайынғы ақшалай қаражатқа және тағы да басқа шығыстарға жұмсалды.