
Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні NX plorers әдіснамасының жаһандық 2024-2025 жылдары NXplorers Awards марапаттау рәсімі өтті.
NX plorers әдіснамасы - бұл қатысушыларға сыни тұрғыдан ойлау мен шығармашылық мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін және үш кезеңнен тұратын (зерттеу, құру, өзгерту) білім беру бағдарламасы. Бұл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен өтінімдер қабылданып, соның ішінде Қазақстанның атынан Батыс Қазақстан облысы, облыстық экологиялық-биологиялық орталығының педагогі Жалгелдеева Жанлай Каиргалиевна қатысты.
Әлемнің 10 елінен 340 қатысушы қабылданған жаһандық халықаралық байқауда Жалгелдеева Жанлай Каиргалиевна үздік танылып, "Үздік фасилитатор" номинациясы бойынша халықаралық III орын "Bronze" дәрежесіне ие болды.
Жанлай Каиргалиевнаны жеңісімен құттықтаймыз! Сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз.