«Ерекше балаларға – ерекше тәсілдер» тақырыбында білім беру ұйымдарының басшылары, арнайы мамандар және ата-аналарға арналған облыстық семинар- практикумы

«Ерекше балаларға – ерекше тәсілдер» тақырыбында білім беру ұйымдарының басшылары, арнайы мамандар және ата-аналарға арналған облыстық семинар- практикумы

2024 жылдың 18 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамытуға арналған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерін ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибемен бөлісу және педагогтердің шығармашылық шеберлігін шыңдау мақсатында Тасқала ауданының Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия базасында  «Ерекше балаларға – ерекше тәсілдер» атты білім беру ұйымдарының басшылары, арнайы мамандар және ата-аналарға арналған облыстық семинар - практикумы өтті.

Аталмыш семинарда «Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін нормативтік- құқықтық қамтамасыздандыру», «Көру қабілеті зақымдалған балаларға жалпы білім беретін мектептерде қолайлы жағдай жасау», «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен атқарылған жұмыстар», «Артикуляциялық, тыныс алу жаттығуларды орындаудың ерекше тәсілдері», «Антистресс ойыншықтардың бала психологиясына әсері», «Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру», «Ұлттық құндылықтарды әуенмен дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ата-аналармен пікір алмасты.