
2024 жылдың 28 қараша күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес Орал қаласының №30 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Сенімді маман болудың ...» атты әлеуметтік педагогтерге арналған облыстық семинар - практикумы өтті.
Семинар-практикумының мақсаты – ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен қарым-қатынас жасауды үйрету кезінде жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогтеріне консультативтік – әдістемелік көмек көрсету.
Аталмыш семинарда «Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін нормативтік- құқықтық қамтамасыздандыру», «Әлеуметтік педагогтің жұмыс бағыттары, жалпы білім беретін мектеп жағдайында қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесуі бұзылған балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері», «Аутистік спектрі бұзылыстары бар балаларға өзін-өзі қызмет көрсету және әлеуметтік тұрмыстық дағдыларын үй жағдайында қалыптастыр қызметтері» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.