2024 жылдың 20 қыркүйек күні «Инженерлік білімді дамыту» қоры, «Арман Инжиниринг» ЖШС мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және Батыс Қазақстан облысының білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының бірігіп ұйымдастыруымен Орал қаласы Оқушылар сарайы базасында «Болашақ инженерлер» жобасына қатысқан білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «R:ED FEST» робототехника бойынша ашық халықаралық фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді.
Фестивальдің мақсаты: мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамытуға жағдай жасау, балалардың роботтарды бағдарламалау және жобалау шеберлігін бағалау және жетілдіру.
Фестиваль төмендегі 4 санат бойынша ұйымдастырылды:
1. Сызық бойымен қозғалыс
2. Сумо
3. Эстафета
4. Шығармашылық санат
Фестивальге «Болашақ инженерлер» жобасына енгізілген ауыл мектептерінен барлығы 50 команда 79 оқушы қатысты.
Байқауға «Арман Инжиниринг» компаниясының атынан жоба-менеджері Жайлыбаев Саламат Абдигалымович және менеджер Қасқырбай Даулет Ерболұлы жетекшілік етті.
Байқау қорытындысы:
Сызық бойымен қозғалыс санаты бойынша (7-9 жас)
І орын: Жаңақала ауданы, Жаңақала ЖОББМ-нің оқушысы Сатқали Әлижан, жетекшісі Ильясова Жансая Ильясовна;
ІІ орын: Казталов ауданы, Казталов мектеп-лицейінің оқушысы Асқар Диана, жетекшісі Өтегенов Абылай Төлегенұлы.
Сызық бойымен қозғалыс санаты бойынша (10-13 жас)
І орын: Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Тлекбай Ансар, Байтемір Мирас, жетекшісі Жылкайдаров Айбатыр Беймбетович;
ІІ орын: Бөкей ордасы ауданы, М.Маметов атындағы ЖОББМ-нің оқушылары Алишев Алишер, Тлек Арсен, жетекшісі Құрманғазиев Райымбек Валиханұлы;
ІІІ орын: Бөкей ордасы ауданы, М.Маметов атындағы ЖОББМ-нің оқушылары Жигеров Нурдаулет, Амангельдиев Нурасыл, жетекшісі Құрманғазиев Райымбек Валиханұлы.
Сызық бойымен қозғалыс санаты бойынша (14-17 жас)
І орын: Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Сахиев Бақдәулет, Ерланұлы Иманай, жетекшісі Жылкайдаров Айбатыр Беймбетович;
ІІ орын: Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Мухтарова Дана, жетекшісі Шурин Бексұлтан Базарбаевич;
ІІІ орын: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №8 ЖОББМ-нің оқушысы Жакасов Темирхан Маратович, жетекшісі Тлебалиев Қуандық Бақытжанұлы.
Сумо санаты бойынша (7-9 жас)
І орын: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №8 ЖОББМ-нің оқушысы Адильгереев Рамаз Мухитович, жетекшісі Тлебалиев Қуандық Бақытжанұлы;
ІІ орын: Казталов ауданы, Казталов мектеп-лицейінің оқушысы Ниетқалиев Иса, жетекшісі Өтегенов Абылай Төлегенұлы;
ІІІ орын: Жаңақала ауданы, Жаңақала ЖОББМ-нің оқушысы Сатқали Әлижан, жетекшісі Ильясова Жансая Ильясовна.
Сумо санаты бойынша (10-13 жас)
І орын: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №8 ЖОББМ-нің оқушысы Исламбеков Расул, жетекшісі Тлебалиев Қуандық Бақытжанұлы;
ІІ орын: Бөкей ордасы ауданы, М.Маметов атындағы ЖОББМ-нің оқушылары Азамотов Дамир, Ерболатов Альтайр, жетекшісі Құрманғазиев Райымбек Валиханұлы;
ІІІ орын: Жаңақала ауданы, Жаңақала ЖОББМ-нің оқушылары Төлеген Бибарыс, Қуаныш Нұржігіт, жетекшісі Ильясова Жансая Ильясовна.
Сумо санаты бойынша (14-17 жас)
І орын: Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Мақсот Диас, жетекшісі Шурин Бексұлтан Базарбаевич;
ІІ орын: Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Айткалиев Санжар, Жұмағали Амир, жетекшісі Жылкайдаров Айбатыр Беймбетович;
ІІІ орын: Жәнібек ауданы, М.Б.Ықсанов атындағы МББК-нің оқушылары Забихолла Бек Жандарбекұлы, Ержанов Мақсат Мұрадымұлы, жетекшісі Имангалиев Асылхан Аскарович.
Эстафета санаты бойынша (10-13 жас)
І орын: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №3 ЖОББМ-нің оқушылары Салтыков Станислав, Науменко Прохор, жетекшісі Соколова Татьяна Анатольевна;
Шығармашылық санаты бойынша (7-9 жас):
І орын: Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Сансызбаев Надир Жанатович, жетекшісі Шурин Бексұлтан Базарбаевич;
ІІ орын: Бәйтерек ауданы, Б.Момышұлы атындағы ЖББОМ-нің оқушылары Ерланұлы Нұриман, Айтқали Мұса Ержанұлы, жетекшісі Өтепбергенов Мақсат Манарбекұлы.
Шығармашылық санаты бойынша (10-13 жас):
І орын: Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушылары Аяпберген Мансур Бижанұлы, Тасмуханов Сұлтанбек Қуатұлы, жетекшісі Шурин Бексұлтан Базарбаевич;
ІІ орын: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №3 ЖОББМ-нің оқушылары Алимжанов Амир, Тігелбай Думан, жетекшісі Соколова Татьяна Анатольевна.
Шығармашылық санаты бойынша (14-17 жас):
І орын: Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушылары Төлеген Амина Мауленқызы, Мухтарова Дана, жетекшісі Шурин Бексұлтан Базарбаевич;
ІІ орын: Жәнібек ауданы, М.Б.Ықсанов атындағы МББК-нің оқушылары Ерназар Таншолпан, Сұнғат Қайрат, жетекшісі Имангалиев Асылхан Аскарович.
ІІІ орын: Қаратөбе ауданы, Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушылары Рахымгалиев Әли, Серіков Сұлтан, Тлектес Расул, жетекшісі Жексенғали Нұрбигүл Нұрболатқызы.