Жаңа оқу жылы басталды

Жаңа оқу жылы басталды
Биыл БҚО бойынша 374 жалпы орта білім беретін мектепте 125 мың оқушы жаңа оқу жылын бастады. Соның ішінде 13 мың оқушы білім ордаларының табалдырығын алғашқы рет аттап отыр.
Облысымыздың барлық мектептерінде бірыңғай уақытта «Мектебім мейірім –мекенім» атты салтанатты шара өтті.
Қаламыздағы номері 37-ші жалпы білім беретін орта мектептегі шараға білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин қатысты.
Е.Набиоллаұлы салтанатты шараға жиналған барлық оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздарды мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына жаңа жетістіктер тіледі.