«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының бұйрығымен Зулкашева Шынар Мулкайевна Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры лауазымына тағайындалды. Бүгін басқарма басшысы Е.Н.Сафуллин жаңа басшыны ұжымға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Зулкашева Шынар Мулкайевна – 1995-2011 жылдар арасында БҚО Бөкейордасы ауданы Б.Жанекешев атындағы ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2001-2011 жылдар арасында осы мектептің мектеп директоры қызметін атқарды. 2011-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшы кадрлар әдіскері, тренері, аға оқытушысы қызметтерін атқарған. Күні бүгінге дейін Орал қаласы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 29 жылдық педагогикалық өтілі бар педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі.