Ағымдағы жылғы 10-14 маусым аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасында ІХ-шы «WorldSkills Oral - 2024» өңірлік чемпионат өткізілуде.
Чемпионаттың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов қатысып қатысушыларға сәттілік тіледі.
Чемпионат қала және ауылдық колледждердің базасында Ақпараттық кабельдік желілер, Мехатроника, CAD инженерлік графикасы, Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар, Дәнекерлеу технологияары, Плиткамен қаптау, Шанақты жөндеу, Сантехника және жылыту, Веб технология, Электр монтаждау жұмыстары, Кірпішті қалау, Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, Мобильді робототехника, Бояу және сәндік жұмыстары, Ағаш шебері, Аспаз ісі, Шаштараз өнері, Сән технологиясы, Кондитерлік ісі, Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету, Флористика, Мейрамхана сервисі, Автобояу, Ландшафтық дизайн, Желілік және жүйелік басқару, Графикалық дизайн, Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу, Наубайхана ісі, Химиялық зертхана технологиясы, Киберқауіпсіздік, Ветеринария, Заттар интернеті, Жүк сараптау, Бейне өңдеу, Электроника, Мобильді қосымшаларды әзірлеу, Бизнеске арналған IT шешімі, Визуалды мерчандайзинг, Өнеркәсіптік автоматтандыру, Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, Интернет маркетингі, Медициналық және әлеуметтік күтім, Балық шаруашылығы, Мобилография, Дизельді қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету, Ауыр жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, Автотиегіштің технологиялық және қызмет көрсету жұмыстары, Автомобиль кранының технологиялық және қызмет көрсету жұмыстары, Фотосурет, Цифрлық модельдеу құзыреттіліктері бойынша өтуде.
Чемпионатқа 300-ден астам үміткер қатысып, бақтарын сынаса, оларды 400-ге жуық сарапшы бағалауда.