Үздіктерді ұлықтаған жиын өтті

Үздіктерді ұлықтаған жиын өтті
Бүгін қаламыздағы «Салтанат сарайында» «АҚЖАЙЫҚ ЖАС ДАРЫНЫ-2024» облыстық форумы өтті. Бұл оқу жылы аяқталғанда жыл сайын ерекеше қуанышпен аталып өтетін үлкен мереке.
Салтанатты шараға облыстың 2023-2024 оқу жылында халықаралық, республикалық денгейде өткізілген олимпиадалар мен конкурстарға қатысып жеңімпаз атанған оқушылар: Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалар конкурсы (4 медаль), жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада (24 медаль), жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсы (8 медаль), ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада (28 медаль), 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары "Зерде" республикалық конкурсының (15 медаль) жеңімпаздары мен мұғалімдер және мектеп директорлары қатысты.Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева қатысты.
Шараны облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтау сөзбен ашып, білімдерімен оза шауып бәйге алғандарды марапаттады.
Жеңімпаз оқушылар облыс әкімінің «Алғыс Хатымен» және республикалық жеңімпаздарға 50 мың ақшалай сыйлықпен марапатталды. Марапатталғандар:Халықаралық және республикалық олимпиадалармен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары жалпы саны 78 оқушы (79 медаль). Оның ішінде алтын медаль иегерлер – 14, күміс медаль иегерлері – 23, қола медаль иегерлері – 42 медаль.
Әр түрлі сайыстарда облысымыздың мерейін үстем қылып, жетістіктерге жеткен оқушыларды олардың ұстаздарымен қосып марапатау көңілге қуаныш ұялатады.
Оқушылар да өздерінің ризашылықтарын білдіріп, облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовке көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.
1. Сіз әдеби кітап оқуға қалай қарайсыз?
2. Сіз мектепте қандай оқушы болдыңыз? Қазіргі ХХІ ғасыр оқушысы қандай болуы керек деп ойлайсыз? 16- жастағы өзіңізге нендей тілек тілер едіңіз? деген т.б сауалдарға әкім орынбасары тұшымды жауаптарын беріп жеңімпаз оқушылармен естелікке суретке түсті.
Шара барысында шәкірттері озған ұстаздар қауымы да марапатталып, құшақтары гүлге толды.
Салтанатты жиында қала мектептерінің танымал өнер ұжымдары өнер көрсетті.
Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деп өзінің жеке басынан ұлттық мүддені биік қойып, елдің қамы үшін еңбек етіп, шын мәніндегі мемлекетшіл тұлғаға ай¬нал¬ған.Бүгінгі салтанатта марапатталған барлық жеңімпаз оқушыларға да Қазақстанның жарқын болашағы үшін қызмет қылуға әрдайым дайын болғайсыздар деген тілегімізді жолдап, олардың ұстаздарын және осындай үлгілі ұл-қыз тәрбиелеген ата-аналарды бүгінгі мерекелерімен, жеңістерімен құттықтаймыз!