Облысымыздың "Үздік педагог" конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпаздары Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевпен онлайн кездесуге қатысты.
2012 жылдан бері ұйымдастырылатын аталған конкурста облыстан мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық, қосымша білім беру ұйымдарынан 38 педагог республикалық кезеңінің жеңімпаздары болып, "Үздік педагог" атағын иеленді. Кездесу барасында педагогтер пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.