Білім басқармасының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 26 сәуір күні білім беру ұйымдарының арнайы мамандары мен ата-аналарына арналған аутистік спектрінде бұзылыстары бар балаларды түзете-дамыту қызметі арқылы ортаға бейімдеу жұмыстарын жүзеге асыруға қолдау көрсету мақсатында «Аутизм мәселелері, диагностика, түзете-дамыту жұмыстары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Шара «Көңілді күй тренингімен басталып, пленарлық бөлімінде педагогтер мен ата-аналарға «Аутизм. Баршамызға бір әлем», «ADOS -2 диагностиканың стандарты», «Жағымсыз мінез-құлықты түзету», «Аутистік спектрінде бұзылыстары бар балалардың тамақтану тәртібін түзету» тақырыптарында теориялық түсініктемелер берілді.
«Айналмалы бекет» тәжірибелік алаңында «Денверлік модельді ерте жастан қолдану ESDM», «»Оқу дағдысын дамыту бағдарламасында АВА- терапияның элементтерін қолдану», «Джаспер: шағын ойын және қарым-қатынасты бағалау», «Өз-өзіне қызмет етудегі іс-әрекеттер желісі», «Ойын-әлеуметтік әдіс ретінде өзара әрекеттесуін дамыту», «Қарқынды курс – ауқымды әдіс» практикалық жұмыстары жүргізіліп, «Мейірімді жүрек – жылы тілек» тренингімен қорытындыланды.