МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
2024 жылдың 17-21 наурыз аралығында Астана қаласында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика және физика пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиадаға облысымыздан математика пәні бойынша 6 оқушы, физика пәні бойынша 6 оқушы барлығы 12 оқушы қатысты. Нәтижесінде 1 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 3 оқушы грамотамен марапатталды.
2 орын иегері:
Қартбай Әлім - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, физика пәні бойынша.
Ерекше жетістігі үшін Грамота иегерлері:
Маратов Темирлан - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, математика пәні бойынша;
Ерболат Ханкелді - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, математика пәні бойынша;
Қабиден Әліби - Бөкей Ордасы ауданы, М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, физика пәні бойынша.
Барлық оқушыларға Дарын РҒПО сертификаттары табысталды.
Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!