4-6 наурыз күндері Алматы қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы және «Үздік жыл психологі» байқауы өтті.
Олимпиада жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатындағы додаға Орал қаласынан қатысқан №19 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог психологі Сағындықова Әселхан Сыйлыбайқызы ІІІ дәрежелі дипломмен және Эстетикалық бағыттағы гимназиясының аға тәлімгері Шиганбаев Ерекен Өмірзақұлы «Қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін» грамотасымен марапатталды.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында өткен «Үздік жыл психологі» атты республикалық байқауда №5 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог психологі Орынбаева Гүлнұр Орынбайқызы «Қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін» грамотасымен марапатталды.
Талантты ұстаздарымызды жетістіктерімен құттықтап, шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз.