Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы

Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы

Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы

 

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарының барлығына жаңартылған «Біртұтас тәрбие» тәрбие жұмысы бағдарламасы (ҚР ОАМ 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығы) енгізіліп, құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтып отыр.

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібін қамтамасыз ету қағидалары қалыптастырылды. Ағымдағы жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша 472 білім беру ұйымында (100%) бағдарлама жаңартылған форматта (64 мектепке дейінгі ұйым, 374 жалпы білім беретін мектеп, 34 колледж) іске асырылуда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жаңартылған бағдарлама бойынша 14278 педагог немесе облыстың барлық педагогтарының 77% оқытылды.

Батыс Қазақстан облысында қосымша білім беру жүйесінде 50 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Қосымша білім беру орталықтарының түрлері бойынша: 1 Оқушылар сарайы, 14 музыка мектебі, 1 көркемсурет мектебі, 3 Балалар өнер мектебі, 13 мектептен тыс жұмыс орталығы және балалар шығармашылығы үйі, 14 туризм және экология орталығы, 1 облыстық экологиялық-биологиялық орталық, 2 Балалар техникалық балалар шығармашылығы орталығы, 1 облыстық "Дарын" қосымша білім беру орталығы.

Батыс Қазақстан облысында 50 қосымша білім беру ұйымдарында 63114 оқушы 50,5%, мектеп жанындағы үйірме мен секциялармен 33255 бала қамтылуда. Облыс бойынша қосымша білім беру жүйесінің барлық түрлерімен 115231 (92,2%) (2023ж-112920 оқушы (92,1%) оқушы қамтылды.

         Әскери-патриоттық тәрбие жүйесі әскери-патриоттық клубтардан, үйірмелерден, «Жас сарбаз» сыныптарынан тұрады.  Облыс бойынша мектептерде 3171 оқушыны қамтыған 216 әскери-патриоттық клуб, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында 1098 студентті қамтыған  31 әскери-патриоттық клуб жұмыс жасауда.

         «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери – патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы құрылды. Облыс бойынша 333 оқушыны қамтыған 18 «Жас сарбаз» сыныптары бар.

Жыл сайын оқушылардың бойында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру  мақсатында  оқушылар арасында спартакиада, мектеп және колледж лигалары, турнирлер, спорттық жарыстар жоспарлы өткізіледі.

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылы 16 облыстық спорттық іс-шара өткізді (ХІ қысқы Гимназиадасы спорттың үш түрі бойынша (президенттік көпсайысы, шаңғымен спорттық бағдарлау жарысы, шаңғы жарысы), "Орал өңірінің шаңғы жолдары" жарысы (3,4 сынып оқушылары арасында), шахматтан Олимпиада, футболдан "Былғары доп" балалар мен жасөспірімдер турнирі,   футболдан "Балдаурен" жарысы (3,4 сынып оқушылары арасында), Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі спорттың сегіз түрі бойынша  (жеңіл атлетикалық кросс, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат «Ақбозат», футзал «Теңбіл доп», асық ату, бес асық, волейбол «Шұбар доп», баскетбол «Алтын доп» жарыстары),  спорттық колледж лига жарыстарының облыстық кезеңі спорттың үш түрі бойынша  (футзал, баскетбол, волейбол жарыстары). Ұйымдастырылған жарыстардың облыстық кезеңіне 1500-ден астам оқушы қатысты.

Барлық жарыстар үш кезеңде өткізіледі: мектепшілік, аудандық  (қалалық) және облыстық. Мектепшілік, аудандық (қалалық) кезеңдерде 161245 оқушы қатысты. Облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық кезеңге қатысады.

  Ағымдағы жылдың 20 мамыр  – 3 маусым күндері  аралығында дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру  мақсатында  XII жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиадасының облыстық кезеңі келесі спорт түрлерінен өткізілді: спорттық туризм, футбол 7 – 9, 10 – 12 жас аралығында. Гимназиадаға барлығы 316 оқушы қатысты.

Жалпы XII жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиадасының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының  құрама командасы 3 орынды иеленді.

Білім басқармасының 2024 жылғы 14 қазандағы №1223 бұйрығына сәйкес, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, роботты құрастыру және бағдарламалау бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында Республикалық «NatRoboCom-2024 (National Robotics Competition)» роботтық техника жарысы өткізілді.

Жарысқа Өзбекстан республикасының, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Батыс Қазақстан облыстарының «Роботтық техника» үйірмелерінің 10-17 жас аралығындағы оқушыларының командалары қатысты.

Жарыс жеңімпаздары  білім басқармасының грамоталары, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

       Республика күніне орай, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22–24 қазан күндері облыстық «Аспан астындағы музей қала» экскурсиялық бағдарлау жарысы өткізілді. Облыс және қала бойынша 12 команда 80 оқушы қатысты.

       Жарыс жасөспірімдерді өлкеміздің тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыру арқылы Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, танымдық қасиеттерін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Мен және менің әлемім» тақырыбында тренинг, «Ел тарихын білесің бе?» ой сергіту танымдық ойындары ұйымдастырылды.

        Өткізілген жарыстың білім мен тәрбие үрдісіндегі алатын орны ерекше. Жарыс танымды да тартысты өтіп, қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнаса, педагогтар бір-бірімен іс-тәжірибе алмасты.     

Жеңімпаз командалар облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Білім басқармасының 2024 жылғы  25 қыркүйектегі  №1179  бұйрығына сәйкес 28 қазан күні  оқушыларға табиғатты және жануарларды корғауға, жануарлар әлемінің сан алуандығы, олардың тіршілігі туралы түсінік беруге, өздігінен ізденуге, қиялын, ой-өрісін кеңейтіп, ойын тұжырымдатып, шығармашылығын дамыту мақсатында «Қызықты жануарлар әлемі» облыстық экологиялық брейн-рингі өткізілді.

Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн-рингіне 10 аудан және Орал қаласынан №5,16,24,37, Қ.Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектептері қатысты. Барлығы 25 оқушы .

Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейнг – ринг  жүлдегерлері  білім басқармасының грамоталары  және  сыйлықтарымен марапатталды.