
Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр аймағынан жиналған бір топ ұстаздарды «Ұстаздар күні» мейрамымен құттықтады. Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Бір сөзбен айтсақ, барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу. Себебі сіздер бала оқыту арқылы келешектің кірпішін қалайсыздар. Қазақстанның дамыған ел болуына зор үлес қосып жүрсіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіз ерекше құрмет пен жоғары марапатқа лайық, – деді Президент. Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысы,Казталов ауданы, Қараөзен мектеп-лицейінің физика-математика пәнінің мұғалімі Әлия Хайруллина Президенттің қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісіне ие болды.Үлкен марапатыңыз құтты болсын, шәкірт тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатуға қосар үлесіңіз абыройлы болсын –Әлия Бакитовна!