Мұғалімдер күні қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен мектепке дейінгі білім берудің 227 педагогы қатысты. Бірінші турда қатысушылар өздерінің портфолиоларын ұсынып, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі Заманауи педагогтың рөлі» тақырыбында эссе жазды, сондай-ақ жұмыс күнінен бейнематериалдар көрсетті. Екінші турда қатысушылар өздерінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесін таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Орал қаласының №3 «Зейін» балабақшасының тәрбиешісі Зуря Орынғалиева иеленді. Зуря Айтқұлқызы педагогика саласында 33 жыл қызмет етіп келеді.