
2024 жылдың 2 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.
Ашық есік күнінің мақсаты – мемлекеттік органның жұмысымен таныстыру, білім саласындағы өзгерістерді, жаңалықтарды қоғамға түсіндіру және балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру.
«Ашық есік күні» акциясына басқарма мемлекеттік қызметшілерінің балалары, ата-аналарының жұмыс орны және атқаратын қызметімен танысып шықты.
Балалар білім саласындағы өзгерістерді, жаңалықтарды естіп сұрақ- сауалдарына жауап алды.