Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 – 2021 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 – 2021 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланады.

          Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығынның талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады.

          Конкурсқа өтініш 2020 жылдың 13 – 23 шілде аралығында, 09000 индексі, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында қабылданады.