Батыс Қазақстан облысының мектептерінде емтихандар басталды

Батыс Қазақстан облысының мектептерінде емтихандар басталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының мектептерінде аралық және қорытынды емтихандар тапсыру кезеңі басталды. Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8, 10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін 54 мыңнан астам оқушыға қазақ тілінен емтихандар өтеді. Емтиханның нақты уақытын білім беру ұйымдары өздері белгілейді.

Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.

 9 сыныпты бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым аралағында өтеді, ал 11 сыныпты бітірушілер 28 мамыр - 11 маусым аралығында емтихан тапсырады.

 Қорытынды аттестаттаудан 9 сыныпты бітіруші 10564 оқушы, 11 сыныпты бітіруші 6411 оқушы өтеді.