
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы (Қамқоршылық кеңес құруына байланысты) қамқоршылық кеңесіне ұсыныстар мен өтініштерді қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Ұсыныстар мен өтініштерді білім басқармасының zkodo@mail.ru электрондық поштасына «облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткер» белгісімен 2020 жылғы 29 маусымға дейін жолдау сұралады.