Аудандық және қалалық білім беру бөлімдері

Аудандық және қалалық білім беру бөлімдері

Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің кадр бойынша және бас есепші қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру кезінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 35-бабында көзделген талаптардың қатаң сақталуы, Үкіметтің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар мемлекеттік органның жойылуы, таратылуы не қайта

ұйымдастырылуы және басқару құрылымы өзгерген кезде мемлекеттік қызметшілердің  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56-бабында көзделген құқықтары мен кепілдіктерді қатаң сақтау, мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайлары өзгерген кезде Еңбек кодексінің 46-бабында көзделген талаптарды бұлжытпай сақтауды қамтамасыз ету бойынша оздырылды.