«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мекенжайы: индекс 090303 БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Железнодорожная көшесі,№80 үй, эл.пошта schoolbu@mail.ru.. Телефон 8(71133) 22-0-75) әдістемелік кабинетінің кадр бойынша әдіскерінің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатының болуы және мемлекеттік тілді, орыс тілін, меңгерген болуы керек.
Лауазымдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттері: Аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді.
Білім беру ұйымдарын жетекшілік ететін мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды.
Педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытады.
Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.
Педагог кадрлардың мекеме башыларының аттестациядан өтуі бойынша құжаттарды дайындайды, ұйымдастырады.
Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады.
Мониторинг жүргізеді және педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесін таратады.
Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.
Ауданның жас мамандарымен жұмысты ұйымдастырады.
Педагог кадрлар туралы қажетті есептіліктерді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
білім берудің мемлекеттік стандарттарын,
педагогика және жас ерекшелік психологиясы негіздерін,
дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін,
әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау,
қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар.
1) Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты ( 123879-149318 тенге)
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығының 118-тармағына сәйкес төмендегі құжаттары тапсыруы тиіс
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі